Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Білім сапасын арттыру және озат тәжірибені тарату

Жұлдыздар аллеясы

Мектебіміздің мақтаныштары мен жетістіктер тарихы

Шығармашылық шыңдары

Елдосұлы С., Сандыбай І., Экостан, DARYN ECOART

Ашу

«Зерде» және Ғылым

Ерасыл, Көркем, Томирис және республикалық жобалар

Ашу

Кіші Ғылым Академиясы

46-шы конференция нәтижелері (19 жоба)

Ашу

Зияткерлік Олимпиадалар

І.Сандыбай (Бас жүлде), IQ Олимпиада Кубогы

Ашу

2. Әдістемелік қоржын

Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі педагогтары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен ынтымақтастық меморандумы аясында бірлесіп, 6 оқу-әдістемелік құрал әзірледі.

Математика
Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды оқытудың әдістемесі
Физика
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушының зерттеулік дағдыларын қалыптастыру
Химия
Химия
Биология
Физика
Құралдың атауы Құрастырушылар
1 Математикадан стандартты емес есептерді шешу әдістемесі Б.Ж.Омарова, Ә.А.Танақұлов
2 Физика пәні бойынша теориялық ұғымдар және тапсырмалар жинағы А.Е.Әбдрахманов, Ж.А.Исағалиев
3 Химия пәнін кіріктіре оқыту Б.С.Имангалиева, А.Ж.Омарова
4 Жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды оқытудың әдістемесі А.Т.Каирова, Г.Б.Татаманова
5 Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушының зерттеулік дағдыларын қалыптастыру Г.Б.Избасарова, Н.М.Мунайтбасова
6 Methodical instructions to practical studies on Physiology of human and animal N.A. Utarbaeva, Zh.Zh. Kukenov
Абай конференциясы
22 Желтоқсан 2020

«Абайдың сөздүниесі және мектеп өміріндегі Абай»

А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты ұйымдастырған республикалық ғылыми-практикалық онлайн дөңгелек үстел өтті. Шараға республика бойынша 240 ғалым мен педагог қатысты.

Жиында ф.ғ.д., профессор Н.Уәли «Абай мұрасындағы этикалық ұғымдар» тақырыбында баяндама жасады. Абай шығармаларындағы адамгершілік, адалдық, ақыл-парасат құндылықтары мен қоғамдағы антиқұндылықтар (арсыздық, жалқаулық) мәселелері талқыланды.

«Толық адам» ілімі мен кемел адам идеалдары сараланып, институт қорындағы сирек басылымдар мен зерттеу еңбектері таныстырылды.

3. Жас мамандар мектебі

15 желтоқсан 2022

«Жас маман - жарқын болашақ иесі» тимбилдингі

Мектеп психологы Мулдагазина М.Е жас мамандармен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында тренинг өткізді.

04 қаңтар 2023

«Жас Қанат» отырысы: Құжаттарды толтыру

Класс жетекші құжаттарын толтыру және сабақ жоспарларының үлгілері бойынша тәжірибелі педагогтер (С.Абдіқалықова, А.Байбекова) шеберлік сағатын өткізді.

12 қараша 2022

Білімдегі олқылықтарды толықтыру

Функционалдық сауаттылықты арттыру және практикалық сабақтарды ұйымдастыру жолдары талқыланды.

4. Озық тәжірибе - ортақ қазына

Бастауыш семинар
24 мамыр 2023

Бастауыш сыныптарда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану

Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Т.Н.Есеева және М.Ш.Қожабектің ұйымдастыруымен қалалық шебер класс өтті.

Толығырақ оқу
Мақсаты: жаңа технологияларды қолдану және іс-тәжірибемен алмасу. Жұмыс барысында жаңа әдіс-тәсілдер көрсетіліп, жаратылыстану пәні бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
География
17 мамыр 2023

Географиядан олимпиада тапсырмаларына негізделген есептер

География пәні мұғалімі Исагалиев Жасұлан Жайықұлының «Географиялық есептерді тиімді шығару жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер-класы өтті.

Толығырақ оқу
Қатысушылар: облыстың 11 мұғалімі. Шебер-класста А.Табылғанқызы, М.Унгарбаев және А.Орынбасаров өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жаңа мектеп
20 сәуір 2023

Жаңа мектеп – заманауи мұғалім

Математика, физика және информатика пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша қалалық семинар өтті.

Толығырақ оқу
Қатысушылар саны: 25 мұғалім. Практикалық бөлімде «Рационал теңсіздіктер», «Ықтималдық» және «Python» тақырыптарында шеберлік сыныптары көрсетілді.
Өлкетану
31 наурыз 2023

Мектепте өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен меморандум аясында әдістемелік семинар өтті. Мақсаты: өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісу.

Толығырақ оқу
География пәні мұғалімі Ж.Исағалиев «Өлкетанудағы АКТ мүмкіншіліктері» және К.Молдашева «Ақтөбе ойконимдері» тақырыптарында баяндама жасады.
Физика
18 мамыр 2023

Оқушы құзіреттілігін ойын элементтері арқылы арттыру

М.Т Тұрғанбаеваның «Физикадан күрделі есептерді шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық шебер класының қорытынды отырысы өтті.

Толығырақ оқу
М.М.Хасен «Электродинамика» бойынша коучинг өткізді. Ж.А.Исағалиев 8-сыныптар арасында «Физбол» ойынын ұйымдастырды.
Ағылшын тілі
3 мамыр 2023

Оқу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.С.Шындаулованың «Тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану» тақырыбындағы №3 педагогикалық шеберханасы өтті.

Толығырақ оқу
«Printdiscuss», «debatewise», «liveworksheets» платформалары көрсетілді. «Two trues one lie» және «Сенімділік» тренингтері ұйымдастырылды.