«Арманға жол ашқан мектеп»
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарын мониторингілеу нәтижесінде мектебіміз оқушылардың білім сапасын арттыру бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
«Арманға жол ашқан мектеп» номинациясы бойынша І орынға ие болды!
Бұл — ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби ізденісінің, оқушыларымыздың талпынысы мен жетістігінің, ата-аналарымыздың қолдауының жемісі.
Білімге бастар жол — биік белестерге бастайды! Мектебіміздің мерейі үстем, жетістіктері еселене берсін!